Қоғамдық тамақтандыру өнімі

lat: Qoǵamdyq tamaqtandyrý ónimi.

экон. Мейрамханалардың, дәмханалардың, өндірістік қуаты бар басқа да кәсіпорындардың (асүйлердің) өндірістік қызметінің нәтижесі.

Қоғамдық тамақтандыру өніміне дереу тұтынуға дайын өнімнен, аспаздық және кондитерлік тағамдардан, жылумен ұқсатылған, суықпен ұқсатылған тағамдар, одан әрі ұқсатылатын, халыққа сатылатын дүмбіл тағамдар жатады (Қаржы-экон. сөздігі).